Қарақия аудандық орталық ауруханада аудан әкімінің қаулысымен құрылған өңірлік штаб отырысы өтті. Отырысқа Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиев, ауыл әкімдері мен медицина қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында 2018 жылдың мамыр айында аудан бойынша тіркелген аналар мен сәби өліміне қатысты, оған қоса эпидемиологиялық жағдай бойынша талдау жасалып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар басқосуда арнайы мамандар көпшілікке сәби денсаулығы үшін профилактикалық екпенің маңыздылығын түсіндіріп өтті. Көбінесе екпеден бас тартқан ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізуді емхана қызметкерлер қаперіне берді. Сондай-ақ аяғы ауыр болашақ жас аналарды жанұялық өмірге бейімдеу, менингококк, жіті ішек инфекциясы және тамақтан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрғындар арасында тоқтатпай, жалғастыру керектігін айтты.
Майра ТӨЛЕУОВА
ТАҒЫ ОҚЫЫҢЫЗ: Қарбыз құрамындағы нитратты үйде анықтаудың тәсілін білесіз бе?