Түпқараған ауданы өнімдерді сатып алу арқылы қауіпсіздігін қадағалайтын техникалық регламенттеу бөлімінің бастығы Ж.Саламатова өнім қауіпсіздігін қадағалау мақсатында ай сайын тағам, өнеркәсіп, балалар ойыншығы мен киімдерге де мониторинг жүргізіп отырғанын жеткізді.
Осы жылдың 3 айында 1600-ден астам сынама алынып, оның 107-сі сәйкес болмай шыққан. Оның ішін де микробиологиялық көрсеткіштер, физикахимиялық көрсеткіштер бар. Ойыншықтардан таксикологиялық көрсеткіштер анықталған. Сонымен қатар тұтынушыны алдаушы өндірушілер де анықталған. Олар - халал емес өнімді халал деп сатушы өндірушілер. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің kooz.mz.gov.kz сайтынан еліміз бойынша импорттық, экспорттық өнімдерге әсіресе тағамдарға қатысты сәйкессіздік реестр тізімін көріп, таныса аласыз.
Материалды әзірлеу барысында осы сайтты қарап отырып, еліміздің басты қалаларындағы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары экспорттық өнімдерге зерттеу жасай отырып, көптеген кемшіліктер тапқанын байқадық. Атап айтар болсақ, құс етінен жасалынған сосискада шошқаның ДНК-сы табылған. Сары май мен сүт өнімдеріндегі м.ү.м. қаптамада көрсетілген мөлшерге сәйкес еместігі, құрамында табиғи емес заттар анықталған. Йогурттық өнімдерден ішек таяқшаларын тудырушы бактериялар мен кейбірінде дұрыс пастерленбегендік байқалған. Бұл қандай өнімдер екенін білгіңіз келсе, жоғарыда аталған министрліктің сайтына шолу жасап көріңіз.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
Көрнекі сурет әлеуметтік желіден алынған
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Нұркен Өтеуілов «Маңғыстау театры жайлы пікірім өте жоғары»