Жуырда Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің шәкірттері Ақтау қаласында өткен республикалық «Talant.kz - 2019» шығармашылық, өнер, білім байқауында өз өнерлерімен өлкеміздің намысын қорғап, жүлделі орындарды иеленіп, өнер ордасының мерейін асқақтатты. Дәстүрлі ән салу аталымы бойынша бас жүлдені Айжұлдыз Жұмағұлова, жүлделі I-орынды Әлімжан Қосбай, Айдын Нұрланұлы, ал II-орынды Ақмарал Амантаева, Жанбота Мақсатқызы иеленсе, домбыра аталымы бойынша бас жүлдені Аяулым Құрметқызы, Інжу Мұхтар мен Жұлдызай Өрнекбай және «Ұлан» домбырашылар ансамблі I-орынды, сондай-ақ баян аталымы бойынша Нұрдос Көшербай, вокал аталымы бойынша Айтгүл Ғұбайдулла I-орынды иеленді. Сонымен қатар байқау соңында жетекші ұстаздарға шәкірт дайындап, елеулі еңбек еткені үшін алғыс хат және 2020 жылға республикалық «Білім бағы» ғылыми-педагогикалық журналына тегін жазылып, мақаланы тегін жариялауға мүмкіндік алды және де өнер мектебі арнайы кубокпен марапатталды. Өлкеміздің мерейін асырып, өнерін өрлеткен аудан мақтаныштарын биіктерден көріне беруін тілейміз.
Толғанай ЕЛБАЕВА, Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі