Сисем Ата және сол қорымда рухы байыз тапқан барша ата-бабаларға арналған ас аясында «Аламан» бәйге ұйымдастырылды. Қалың жұрттың делебесін қоздырған ат жарысқа жанкүйерлер көптеп жиналды. Ат жарысқа тек маңғыстаулықтар ғана емес, өзге аймақтардан да келген шабаңдоздар қатысты. Бірінен-бірі өткен жүйріктер 36 шақырым, 10 айналымды ат үстінде жүріп өтті. Бәйгеге тігілген жүлде қоры жұртшылықты таңқалдырғаны анық. Содан болар асқа келушілер жүйрігі үшін тақым қысып, жеңіспен оралуын тілеп, жанкүйерлік танытты. [caption id="attachment_85184" align="alignnone" width="1024"] Суретті түсірген Серік Майемеров[/caption] Жарыста алматылық Қайрат Махановтың «Қоянқасқасы» шабаңдоздарды шаңда қалдырып, тұлпарымен алға озды. Жетісулық жігітке бас бәйге Ақтаудан екі бөлмелі пәтер табысталды. 2-орынды елордалық атбегі Нұрислам Базарбай еншіледі, ол "Дарабозымен" 2 миллион теңгенің жеңімпазы атанды. Ал 3-орын Құлсарыдан «Жетіқазынасымен» келген Бахай Корпорациясына бұйырды. Оған 1 миллион теңге табысталды. Бейнеулік Үсен Айтбаевтың «Сұңқары» 4-орынға 500 мың теңге алса, Ақшымыраудан келген Мұхтар Ақжігітовтың «Ақсұңқары» 5-орынды қанжығасына байлап, 300 мың теңгенің иесі атанды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="85174,85179,85172,85173,85175,85182,85183,85178,85177,85176,85181"]