30 тамыз Конституция күніне орай Ақтау қаласы және Маңғыстаудың түкпір-түкпірінде мерекелік шараларды өткізу жоспарланған. Бүгін, 28 тамыз күні Ақтау қаласында Ішкі істер саласының ардагері Қ.Б.Келжановтың құрметіне өзі тұрған 11 шағынаудан 37 үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінеді. Бүгін сағат 19:00-де Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің үлкен залында сағат Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына орай «Алты Алаштың-Үркері» атты қалалық ақындар айтысы өтеді. Сондай-ақ бүгін 09:00-ден бастап құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында шағын футбол жарыс өтіп жатыр. Ертең, 29 тамыз күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылады. Өтетін жері – 17 шағынаудан 26 үй. 29 тамыз сағат 11:00-де Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні меркесіне арналған салтанатты жиын өтеді. 30 тамыз Конституция күніне орай «Жасқанат» спорт алаңында Ақтау қаласы жасөспірімдері арасында «Фестиваль біріншілігі» өтпек. Сол күні сағат 17:00-де мереке қарсаңында туған сәбилерді құттықтап, сыйлықтар табыстайды. Мерекелік шара 34 шағынаудандағы «Ана мен бала» орталығында ұйымдастырылмақ. Ал кешкі сағат 20:00-де ҚР-ның Конституциясы күні мерекесіне арналған «Азат елдің ар намысы - Ата Заң!» атты мерекелік концерті 15 шағынаудан Амфитеатрда өтеді. Ақтау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен қалалық жарыстар ұйымдастырылады. 15 шағынауданда 30 тамыз күні сағат 19:00 – 21:00 аралығында асық ату, арқан тартысу, гір тасын көтеру, қол күресі ұлттық ойындарынан жарысады. 30 тамызда қала кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-саттық, тәттілер жәрмеңкесі Амфитеатр алаңында ұйымдастырылады. «Жартасты соқпақ» нысаны 31 тамыз күні 4 шағынаудан теңіз жағалауында ашылады. Сонымен қатар Қазақстан мұнайының 120 жылдығы және Қаражанбас кен орнының 45 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты шара 31 тамыз сағат 19:00-де Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде болады. Сол күні 15 шағынаудан Амфитеатрда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы және Қаражанбас кен орнының 45 жылдығы мерекесіне арналған Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. 31 тамыз күні сағат 19:00-21:00 аралығында Ақтау қаласы тұрғындары мен қонақтары арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен қалалық жарыстар ұйымдастырылады және қала қонақтары мен тұрғындары үшін жәрмеңке де болмақ.