Алтын құрсақты аналар Елорда күнінде марапатталды
[ 2019 ] 5 шілде, 19:17 | Қоғам
Бүгін Қарақия ауданы әкімдігінде Елорда күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиында аудан әкімі Қыдырберді Беков аудан активі мен "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлерін құттықтады, - деп мәлімдейді mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. "Береке мен бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы болған еңселі Елорда күні барша қазақстандықтардың мерейлі мерекесіне айналып үлгерді. Осындай тамаша мерекеге орай аяулы асыл жандарымыз, әсемдік пен мейірбандықтың үлгісі болған алтын құрсақты аналардың мәртебесін көтеруді дұрыс деп санадық. Тәуелсіз елдің болашағына балайтын жас ұрпақтарымыз аман, ұлтымыз ұлықты болсын!" - деді аудан әкімі. Шара барысында Құрық ауылының тұрғындары Дина Ақмырза мен Назгүл Басбаева «Алтын алқа» тақты. Ал «Күміс алқамен» Гулзада Абдирова, Диана Ирмұхамбетова және Қарлығаш Қайбалдиева марапатталды. Марапат иелеріне Алтын және Күміс алқалар мен гүл шоқтары, бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ аналарды аудан, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары А.Бишенов, К.Ізбергенов мен аудандық аурухана директоры Ж.Шоланова құттықтады. Алқалы аналар да құрмет көрсеткен аудан басшысына жүрекжарды алғыстарын жеткізді.
Суреттерді Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды
1162
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.