©
"Әлеуметтік желіде тараған Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов пен орынбасары Н.Қилыбай арасында 29 мамыр күні кикілжің болды және қоғамдық тәртіп пен этикалық нормалары бұзылды деген ақпарат жалған". Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "24-29 мамыр аралығында облыс әкімінің орынбасары Нұрдәулет Игілікұлы Қытай елінде іссапарда болғанын хабарлаймыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында. Енді жалған ақпаратты таратқан азаматтарды құқық қорғау органдары іздейтін болады. Өйткені қауесет таратқандарды анықтау үшін тиісті мекемеге ресми хат жолданған.Жұлдызай ҚАЛИЕВА