Сколиоз сөзі «қисайған омыртқа» деген мағына береді, яғни омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерде, яғни 6-дан 16 жасқа дейінгі балаларда сүйек аппаратының қалыптасуы және өсу кезінде көп кездесетін жағдай. Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы омырқаға түскен әр түрлі күштердің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі. Бұл мектеп жасындағы балаларда (партада ұзақ отыру) жиі кездеседі.
Бала арқасының қисаюының алдын алу үшін үнемі оқушылардың арасында сколиоз ауруының профилактикасын өткізіп тұру қажет және кем дегенде жылына бір рет арнайы маманға көрсету керек. Үнемі оқушыға арқасын түзу ұстауын ескертіп, жаттығуларды орындауын бақылау қажет. Арқаның қисаюы көп жағдайы емдік дене шынықтыру жаттығулары арқылы түзеледі. Ол үшін күн сайын қыздыру жаттығуларын орындап, кеуде қуысы мен арқа бұлшықеттерін жаттықтыру қажет. Таяқтың көмегімен еңкею, арқамен жүзу өте пайдалы. Алайда бұл жаттығулардың барлығы үнемі орындалғанда ғана пайдалы болмақ. Ата-аналар оқушының жұмыс орнын реттеп отыруы қажет. Яғни, баланың аяғы еденге тиіп тұруы немесе арнайы табан қойғыштың тұруы тиіс, тізесі тік бұрыш жасап бүгілуі қажет. Кеуде қуысы мен үстелге дейінгі қашықтық - кем дегенде 10 см болуы керек. Жылына бірнеше рет (дәрігер ұсынуы бойынша) бала массаж курсын ең дұрысы гимнастикамен қатар алғаны дұрыс. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуы үшін балалар қатты ортопедиялық матрастарда ұйықтаулары тиіс. Кіші жастағы балалар үшін ортопедиялық латекстен жасалған, ал жасөспірімдер үшін тәуелсіз пружиналы матрас болғаны дұрыс. Сондай-ақ оқушыларда сколиоз ауруының алдын алу - бұл біздің балаларымыз арқа қисаюының салдарынан зиян шекпейтіндігінің кепілі.Жақыннан көргіштік деген не?
Көру жүйесінің көп тараған патологиялық жағдайларының бірі жақыннан көргіштік болып табылады. Айта кететін жайт, 15-16 жасқа қарай бұл ауру 25-30% балаларда кездеседі. Балалардағы жақыннан көргіштік жасөспірім жасқа жетпей пайда болады да, күшейе түседі. Миопия (жақынан көргіштік) - алыстан көре алмаушылық және жақын қашықтықта жақсы көрушілікпен байланысты көру жүйесінің бұзушылығы. Жақыннан көргіштіктің ең басты алдын алу шарты балаларда көру жүйесінің гигиенасын сақтау болып табылады.Жанат ІДРЕЙСОВА, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маман