1-2 мамыр күндері Ақтауда халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлының» жүлдесіне арналған дзюдодан ХІ халықаралық турнир өтті. Аталған турнирде командалық есеп бойынша Маңғыстау облысы 1-орынға ие болды. Спорттық шараға 700-ден астам балуан қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Биыл додаға Маңғыстау облысының атынан 150 балуан шықты. Сондай-ақ Қазақстанның әр аймағынан келген 10 команда және Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғызстан елінен келген 4 құрама бақ сынады. Турнирге 2003-2004 жылы туған жасөспірім ұл, қыздар қатысты. Дзюдо додасының ашылу салтанатында Маңғыстау облысының дзюдо федерациясының құрметті президенті Самат Мұсабаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Ер Қосай ата ұрпағы Амангелді Ізтұрғанұлы жарыстың қадірлі қонағы ретінде барлық қатысушыға алғысын айтты. Екі күнге созылған бәсекеде дзюдодан орталық Азия елдерінің рефери директоры Мұхсин Нұртазин төрелік етіп, 16 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде Маңғыстау облысы 12 алтын медалмен алдыңғы орынға шығып, ХІ халықаралық турнирдің жеңімпаз командасы атанды (12 алтын, 10 күміс, 33 қола). Қызылорда облысының құрамасы жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады (11 алтын, 15 күміс, 10 қола). Ал Жамбыл облысы командалық есепте 3-орынға жайғасты (3 алтын). Жүлде алған балуандар «Спорт шеберіне үміткер» атанды. Жарыс алдында Мұхсин Нұртазин келіп арнайы маңғыстаулық бапкерлерге, төрешілерге оқу-жаттығу өткізді. Ал 3-4 мамыр күндері қатысушыларға шеберлік сағаттар ұйымдастырылып, өзара тәжірибе алмасты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" td_gallery_title_input="Xалық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлының» жүлдесі" ids="78609,78538,78537,78542,78618,78536,78612,78613,78614,78610,78615,78616,78611,78607,78606,78619,78598,78600,78601,78602,78604,78599,78603"]