©
"Nur Otan" партиясы Қарақия аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы бүгін аудандық Мәдениет үйінде өтті. Конференцияны партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Беков ашып, күн тәртібімен және регламентпен таныстырды. Жиынға конференция делегаттары мен депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері мен аудан, ауыл активтері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер мен жастардың және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі басты тақырыпқа сәйкес, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың XVIII сьезде берген тапсырмалары - "Халыққа көмек", "Бақытты отбасы", "Ауыл - ел бесігі", "Құтты мекен" жобаларының орындалу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Ержан Көпжасарұлының баяндамасы тыңдалды. Баяндамаға қатысты аудандық мәслихат депутаты Есболай Есенқосов және қоғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері жарыссөзге шығып, ұсыныс пікірлерін айта келе бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Екінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттар сайлау бойынша, Құрық - 1 БПҰ төрайымы Гүлайым Тоқсанбайқызының баяндамасы тыңдалып, ұсынған тізім бойынша делегаттар бірауыздан бекітілді.Шынар КЕНДІН