• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Нағыз сарбаз

    [ 2019 ] 13 ақпан, 07:55  |  Қоғам

    Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіреп, бүгінде ана мен баланың тыныш ұйқысы бақытына иеміз, шүкір! Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Бұл бақытқа біздер, аталарымыздың қаны мен батырларымыздың найзаларының ұшымен қорғалған кең-байтақ жерімізді бүтіндей сақтап жеттік. Қазақ сонау заманнан батырлығымен, қайсарлығымен ерекшеленген. Тарихта өз жері мен елі үшін жан пида болған қазақ жалпы жер бетіндегі бейбіт өмір үшін күрескен. Соның бірі де бірегейі - ауған соғысындағы қазақ баласының үлесі. Ауған соғысы – Кеңес одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Кеңес әскерінің ауған жерінен толықтай шыққанына, міне, 30 жыл толды. Сол соғысты көзімен көріп, отжалын құшағында болып, елге аман-есен оралып, сот корпусында биік абыроймен қызмет етіп жүрген абзал да адал жан жайлы сыр шерткім келіп отыр. Елімізде, оның ішінде аймағымызда тәуелсіздік тұғырының құқықтық негіздерін нығайтуға үлес қосып жүрген судьялардың бірі, ауған соғысының ардагері – Ғабит Бастаубаев. Ғабекеңнің газет-журнал бетіне шыққан мақалаларын байқағаным, оның бірде-бірінде суреті жоқ екен. Осы жағдайды өзіне айтқанымда, ол өзіне тән күлімдеген қалпында «мен суретімді жариялағанды ұнатпаймын» деп әзілдеді. Қазақта «әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген сөз бар емес пе, мен де қалыспадым «не бұрынғы ғашықтарыңыз көріп қоя ма, әлде ауғандар танып қоя ма?» деп едім, Ғабекең жалт етіп қарап, «Гүлажар, ол соғыс әңгімесін қайтесің, еске түсірмейік. Шүкір, қазіргі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмірді қадірлейік» деді. Сол әңгіме астары сонау алғашқы таныстықты, қызмет жолын, одан әрі соғыс жылдарын еске түсіруге себеп болды. Ғабит Балтабайұлын мен өзім 2005 жылы судья қызметіне келген кезден танимын. Бір көргеннен көп сөйлемейтін, сөйлесе нақты ғана тұжырымды айтатын, кез келген тақырыптағы сұхбатты қолдай білетін, терең білімді, көзінде кішкене сыры бар, өте салмақты азамат ретінде әсер қалдырды. Қазіргі таңда бір ұжымда қызмет еткенімізге 14 жылдай уақыт өтсе де, сол мінездемені өзгерткен жоқпын. Ол 1966 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Жаңа-Талап селосында туған. Мамандығы бойынша еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласының Октябрь, Калинин аудандық халық соттарының сот орындаушысы болып бастап, Алматы қалалық халық сотының аға сот орындаушысы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен Астана қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалған. Ал Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 12 ақпандағы бұйрығына сәйкес Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының судьясы қызметіне ауысады. Ел Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі Жарлығымен Маңғыстау облыстық сотының судьясы болып тағайындалып, киелі де қарт түбектен бір-ақ шығады. Бүгін, міне, 16 жылдан бері осы қызметті қалтқысыз атқарып келеді. Ол 2006–2008 жылдар аралығында Қазақстан  Республикасы Судьялар одағының Маңғыстау облыстық филиалының Сот әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы болып аталмыш жұмысты жоғары деңгейде атқарды. Осы кезде Ғабит Бастаубаевтың ешкімнің айтқанын тыңдамай, тек қана әділдік пен адалдық қағидаларымен алдына келген судьялардың тағдырын шешіп отырғанының талай куәсі болғанбыз. Ол жас судьяларға тәлімгерлік етіп, ұдайы тәжірибелік көмек көрсетіп келеді. Күнделікті кабинетінің алдында кеңес сұрап, жол іздеп келіп тұрған жас судьяларды жиі кездестіреміз. Оның өз ісінің маманы екендігі сондай күрмеуі ауыр, шешілуі қиын істерді айта бастағаннан «түсіндім» деп, ары қарай өзі егжей-тегжейлі түсіндіруге кіріседі. Енді Ғабекеңнің Маңғыстауға деген махаббатын аз-кем айта кетуді жөн көрдім. Ол әрдайым демалыс уақытын тек қарт Каспийдің құшағында өткізеді. Иә-иә, құшағында дейтінім, Ғабекең суға сүңгу спортын өте жақсы көреді. «Мен зейнетке шыққан кезде де Ақтаудан кетпеймін, Каспий деген сұлуды тастауға күш-жігерім жетпес», – дейді өзі. Ол сот төрелігін жүзеге асырудағы еңбектің жоғарғы сапасын қамтамасыз еткені үшін 2010 жылы «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының,2012  жылы  Судьялар одағының «Құрмет  грамоталарымен», 2013 жылы Ақтау қаласы әкімінің «Ақтау қаласына 50 жыл» медалімен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен бірге әр жылдары облыстық сот төрағасының алғыстарын да иеленген. Бүгінгі ел ағасы Ғабекең, жан жары Гүлшара екеуі ұл-қыз тәрбиелеп, немере қызықтаған жанұяның бәйтерегіне айналып отыр. Ғабит Балтабайұлының нағыз сарбаздың бойындағы тік мінезі, қайсарлығы, шыдамдылық қасиеттері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге дер едім.

    Гүлажар БАҚЫТЖАНОВА, Маңғыстау облыстық сотының судьясы

    1392
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жасөспірім және қылмыс: кім кінәлі?

    Келесі жаңалық

    "Ана үйі" - тағдырлар тоғысқан мекен

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      877

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2655

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2682

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2105

      Мұнайлыда полиция қызметкерлері жоғалған 3 ноутбукты тауып берді

      22 тамыз, 15:35
      3482

      Биыл Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

      22 тамыз, 12:26
      4112

      Рубрикалар

        Біле жүріңізБайланыс мәліметтеріСұхбатҚарақияАуыл өміріРедакцияҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3193

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2947

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2784

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3247

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3055

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3024

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»