Қарақия ауданының Жетібай ауылы күзгі санитарлық-тазалық жұмыстарын жасап, жол бойлары мен ауыл маңын абаттандыру ісінде белсенділік танытуда.
Жетібай ауылын басып өтетін республикалық маңызы бар тас жолдың бойына кеше 310 түп ағаш отырғызылды. Жергілікті табиғат ерекшелігіне және суыққа төзімді саналатын сексеуіл, жыңғыл, тал ағаштарының көшеттерін отырғызу шарасын Жетібай ауылы әкімдігі ұйымдастырып, оған жетібайлық мектеп оқушылары мен жастар атсалысты.
Рухани жаңғырудың «Туған жер» бағдарламасы аясында өткен ізгі шараға аудан әкімі Қ.Беков те ат басын тіреп, жас буынды туған жердің табиғатын аялап, ауылды абаттандыруға шақырды. Ал отырғызылған ағаш көшеттері Сенек ауылындағы «Жасыл әлем» ЖШС-інен /Қ.Матиков/ алынған көрінеді.
Шынар КЕНДІН