Өлкедегі өңірлік басылымдардың басын құрап отырған «Маңғыстау-Медиа» ЖШС басшысы «Баспасөз-2019» жазылу науқанына орай ауданда оқырмандармен кездесті. Құрамына 5 аудандық, 1 қалалық, 2 облыстық газеттер мен «Mаңғыстаумедиа.кз» сайты кіретін медиахолдинг науқан барысында барлық аудандарда осындай оқырмандармен кездесу ұйымдастыруда.
Оқырмандар конференциясын ашып, жүргізген аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы "Газет арқылы тарих хатталуда", - десе, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Сағындық Рзахметов: «Өлке баспасөзінің тарихы осы ауданнан басталады. 87 жылдық тарихы бар газет – «Ақкетік арайы». Облыстық газеттің өзі күні кеше 45 жылдығын атап өтті. Сондықтан тарихы терең аудан баспасөзіне, облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттеріне жазылуға шақырамын!» - деді.
Конференция соңында «Ақкетік арайы», «Маңғыстау» газеттеріне жазылуда «Баспасөз-2018» науқанында белсенділік танытып, көп қызметкерлері жазылған аудандық емхана, Ақшұқыр мектеп-лицейі, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, «Түпқараған су жүйесі» кәсіпорны, «Түпқараған жергілікті кәсіподағы» ұйымы «Маңғыстау-Медиа» ЖШС атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Өз тілшімізден