Ел экономикасының күретамыры іспеттес, еліміздің батысы мен шығысын жалғастырып жатқан «Бейнеу-Жезқазған» теміржол магистралының «Бейнеу-Шалқар» учаскесінің құрылыс жұмыстарын жүргізіп, аяқтаған «Қамқор-менеджмент» «Теміржол жөндеу» ЖШС мекемесі болатын. Бұл күнде ауданымыздың көлемімен өтіп, ауыл-аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне ерекше ықпал етіп, қарым-қатынасты жақсарта түскен «Бейнеу-Жезқазған» теміржолының игілін халқымыз көріп жатыр.
Бұл аталған құрылыс аяқталысымен Теміржол жөндеу мекемесі аудан көлеміндегі өз жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, қазіргі таңда республикалық маңызы бар ұзындығы 85 шақырымдық «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автокөлік жолының құрылысын қызу жүргізуде.
Еліміздегі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде маңызды жол құрылыстарын жүргізіп жатқан «Темір жол жөндеу» мекемесі ауданымыздың әлеуметтік нысандарына да қамқор қолын созып, демеушілік көрсетіп келеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: ДікілтасАтап айтқанда, биыл Бейнеу ауданның 45 жылдығы мерекесіне орай аудан орталығындағы Әли Балта палуан атындағы стадионды қайта жаңғыртып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Стадион алаңына тас төсеп, асфальттаса, бір шетіне заманауи кешенді спорт құрал-жабдықтарын орнатып берді. Бұл ізгілікті іс аудан тұрғындарының бұрынғыдан да спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына оң әсерін тигізуде.
Осындай игілікті іске демеушілік жасаған мекемеге тұрғындарға шексіз ризашылығын білдіруде.
Кәрісбай ӘДІЛ