5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні. Осы мереке қарсаңында аймақта «Тіл-татулық тірегі» атты фестивалі өтеді. Тіл мамандары фестиваль аясында өткізілетін іс-шаралар жөнінде журналистерге брифинг өткізді.
- Аймақта Қазақстан Халқы тілдері күніне орай, жыл сайын фестиваль ұйымдастырамыз. Атаулы шараның мақсаты - елімізде тату-тәтті тұрып жатқан халықтардың тілін дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру болып табылады, - деді Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Айгүл Ықыласқызы.
Брифингте тіл мамандары өңірімізде рухани жаңғырудың негізі болып табылатын, латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуге әдістемелік шаралар ұйымдастырылатындығын атап өтті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мамандар көбейіп, жұмыс қарқыны артудаТіл саясатының негізгі саласының бірі - ономастика. Осы жылы облысымызда ономастика сарапшыларының отырысы өтті. Отырыста комиссия мақұлдаған Мұнайлы ауданында бір көшені, Түпқараған ауданында бес көшеге атау беру жөнінде ұсынылған құжат келісілді.
Облыстық тіл фестивалі жылда дәстүрлі түрде ауқымды форматта ұйымдастырылады. Биылғы фестиваль 3-7 қыркүйек аралығында өтеді.
Шара аясында «Тілі басқа - тілегі бір, жүзі басқа - жүрегі бір», «Қазақ тілі - ғажап тіл!» атты бейнероликтер түсіріліп, облыстағы этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің тыңдаушылары арасында «Тілдің мерейі - елдің мерейі» атты байқау өтеді. «Тілі бірдің - тілегі бір» кітап көрмесі, «Мен қазақ тілін меңгергенімді мақтан тұтамын» атты жастар форумы, «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбында пікірсайыс, «Тіл - халықтың жаны» әдеби кеш ұйымдастырылады. Брифингте сонымен қатар басқа да көптеген қызықты шаралар өтетіндігін мәлімдеді.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР