2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының 50-ші Бас Ассамблеясының сессиясы өтіп, 23-маусым БҰҰ-ның Мемлекеттік қызметкерлер күні деп бекітілді. Елімізде бұл мереке ресми түрде 2014 жылды 23-маусымынан бері аталынып өтіп келеді.
Жуырда аудандық мәдениет үйінің фойесінде мемлекеттік қызметкерлер және полиция қызметкерлерін мерекелерімен құттақтау рәсімі болып өтті.
Мемлекеттік қызметкерлер, село әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімі және жергілікті полиция қызметкерлері бас қосқан жиында аудан әкімі Ж.Айтуаров «Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі болса, ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, және ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қорғауға қабілетті құрылымсыз әрекет етуі мүмкін емес. Мемлекетіміздің алдына қойылған ауқымды істер мен маңызды міндеттерін іске асыруға ауданымызда 124 мемлекеттік қызметкер өз үлестерін қосуда, оның 71 нәзік жандылар. 124 мемлекеттік қызметкердің 1-і «А» корпусындағы қызметкер болса, қалған 123-і «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер. Аудан бойынша басшылық құрамда 37, төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымда 87 қызметкер жұмыс жасайды. Жаңа қабылданған Заң талаптарына сәйкес 4 адам қызметке қабылданды.
Бүгінде ауданымыздың экономикалық- әлеуметтік тұрғыда қарқынды дамуы әріптестеріміздің өздеріне жүктелген міндеттірін өз дәрежесінде атқарып отырғандарының дәлелі. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер қызметкерлерінің табанды қызметінің нәтижесінде ауданда қылмыстың көрсеткіші төмендеп, ашылуның пайызыдық үлесі жоғарылап келеді. Ішкі істер органдарының нәтижелі қызмет атқаруы үшін аудан әкімдігі материялық – техникалық тұрғыда мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылдан бері аудандық ІІБ-нің қызметкерлері «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында 6 тұрғын үймен қамтамасыз етілді» -деп, ауданымыздың осындай жетістіктерге жету жолында еткен ерен еңбектері үшін сала ардагерлеріне «Алғыс хат» табыстады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министірлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қадірбек Мұрат Болатұлының «Алғыс хатын» Шайыр селосы әкімі аппаратында бас маманы Біләлұлы Жарылғап, Ақтөбе селолық округінің әкімі Молдашева Жанбибі, аудандық ауылшаруашылық және ветеренария бөлімінің басшысы Әбуов Бекмұрат, аудан мәслихаты аппаратының бас маманы Қойтанова Гүлжамал иемденсе, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін аудан әкімінің «Алғыс хаты» Шебір селосы әкімінің бас маманы Бекмағанбетов Сүлеймен, Жармыш селосы әкімі аппаратының бас маманы Омарова Рахия, аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция мойоры Аманғалиев Қуат, жергілікті полиция қызметінің аймақтық инспекторы Жанғожин Айбол, аудан әкімі аппаратының бас маманы Деменова Меруерт, аудандық пробация қызметінің инспекторы Әдиев Амантайға табысталды.
Марапаттау кезеңінде Қазақстан бойынша аталып өтілетін тағы бір кәсіби мереке «28 маусым байланыс және ақпарат қызметкерілінің күні» және ауданың қоғамдық өмірімен бірге тыныстап келе жатқан «Жаңа өмір» газетіне 75 жыл толуына орай ұзақ жылдар ауданға еңбегі сіңген мемлекеттік қызмет ардагері, 2009 жылдан бері «Жаңа өмір» газетінде бас редакторлық қызметті абыроймен атқарған Ұзақбай Күбірбай Жалғасұлына «Алғыс хат» табыстап, естелік сыйлық берді.
Қызметкерлерді ынталандыру шарасы аудандық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Еңбегі үшін лайықты марапатталып жаста қай саланың болсын ісі өрге жүзері сөзсіз.
А.РАХМЕТОВА