Әр оқу жылының басында оқушылар ата-аналарымен бірге сөмке таңдауға барады. Әрине әр түрлі әдемі сөмкелер кезігеді. Алайда бір иыққа асылатын сөмкелерді ұстауға болмайды. Сонымен қатар сөмкелердің салмағына да көңіл бөлу керек.
Мектеп сөмкесін немесе рюкзакты сатып алғанда бірнеше негізгі сәттерді ескеру қажет: өлшемі, салмағы, анатомиялық түрі, конструкциясы, беріктігі, қолайлылығы, пайдаланылатын материалдардың сапасы және олардың қауіпсіздігі. Жүктеме барлық иыққа біркелкі түсетін нұсқаларға артықшылық беру керек. Бұл бала денесінің симметриялық қалпын сақтауға және оның қолдарын босатуға көмектеседі. Осы ережелерді сақтау сколиоз, остеохондроз сияқты аурулардың пайда болуының алдын алу шарасы болады.
Таңдау кезінде мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:
- арнайы қаңқасы бар ортопедиялық арқалығы бар сөмкені/рюкзакты таңдау керек, салмақты және омыртқаға қысымды біркелкі бөлетін, баланың омыртқасын бұзбай, оның арқасын тік қалыпта ұстау үшін қатты болуы тиіс;
- иықбаулары баланың иығын ауыр салмақпен қиып кетпеуі үшін сипағанда жағымды, жалпақ материалдан болуы тиіс. Тұтқаларының ұзындығы реттелуі тиіс, бала оны тек екі иықбаумен асынуы, бұл ретте баланың мойнына салмақ түспеуі тиіс;
- сөмкенің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келуі тиіс. Мектеп рюкзагының ішіндегісінсіз салмағы 1 килограмнан аспауы тиіс. Мектеп сөмкесінің салмағы ішіндегісімен бірге дамуының физикалық көрсеткіштері нормаларға сәйкес олардың жасына сәйкес келетін жалпы бала салмағының көп дегенде 10%-ын құрауы тиіс, мысалы:
1-3 сынып - 1,5 -2 кг дейін; 4-5 сынып - 2-2,5 кг дейін; 6-7 сынып - 3-3,5 кг дейін; 8 -11 (12) сынып - 4-4,5 кг дейін.Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы - «сколиоз ауруы» деп аталады.
Сонымен сколиоз - омыртқаның түзу қалпынан бүйір жағына қисаюы, яғни, тіндердің өзгерістерімен, омыртқалар- дың ығысуымен және қисаюымен сипатталатын ауру.
Ата-аналар назарына:
А. ИСАБАЕВА, Жаңаөзен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.