Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханада белгілі ақын Ақшагүл Рамазанованың «Қыз көктемнің жүрегі» атты тұңғыш жыр жинағының тұсаукесері өтті. Құрметті рәсімді орындауға өлкетанушы Алқажан Еділхан мен Нұрбай Көбенов ие болды.
Тұсаукесерге Басқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Жұмабаев, ауыл ардагерлер ұйымының төрағасы Нұрбай Көбенов, Жұмабай Сұлтанмұратов, Ысқақ Көмеков, Алқажан Еділхан, Көмек Ыбыраев, Ордалы Мұқанов, Ерекен Қорабаев, Әділет Қабылов, Қабыл Шілдебай, Маңдайлы Қосымбай, Гүлнар Науырша, Айгүл Құбашева, Әлия Исаева т.б. бір топ ардагер ақсақалдар қатысып, ақынға арнаған игі тілектерін білдірді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстаулық ұстаздар ағылшын тілі сертификатын алдыКеш барысында Эльмира Сланова Тастемірдің «Маңғыстау», Светқали Нұржанның «Қыз дәурен» әнін шырқап, жас талапкерлер ақынның және өз өлеңдерін оқыды. Тұсаукесер кешті Нұргүл Маулина жүргізді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ