Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындаел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау көрсетіп, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырғаны белгілі. Мақаланың бірінші жартысында кез келген жаңғырудың ең алдымен ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтылғаны да анық. Бүгінгі болып жатқан өзгерістерге үрке қарамай, жаңалықтарды жақсы қабылдап, кертартпалықтан құтылуымыз керек десек, «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.
Жақында Ш.Есенов атындағы КМТИУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Алтынай Мамбетова «Педагогика» және «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеттерінің 2-курс студенттеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» республикалық жобасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде ашық лекция өткізді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда 78 отбасыға пәтер кілті табысталдыЛекция барысында «Ұлттық аударма бюросында» алдыңғы қатарлы ЖОО-мен бірлесе отырып аударылған философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтитын алғашқы 18 оқулықпен таныстыруға ерекше назар аударылды.
Дәріс барысында қаралған мәселелер студент арасында зор қызығушылық туғызып, жастар тақырыпты кеңінен талқылады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА