Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қаламыздағы ескірген, тозығы жеткен бірнеше үйлердің тізімі жасалып, мекемелер мен жеке кәсіпкерлер жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Осы орайда баспалдақтары мен жертөлелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген үй тұрғындары хабарласып, алғыстарын білдіруде.
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ
«Самал» шағынауданының 16 үйі жаңа жыл қарсаңында подъезіміздің төменгі қабаттағы баспалдағы опырылып түсіп, қыстың күні қырауда қиын жағдайда қалдық. Осы орайда, көмекке келген қаламыздағы «Қазақ газ өңдеу» зауытына алғысымыз шексіз. Мекеме директоры Нақберген Төлепов жеке өзі келіп, тұрғындардың жай-күйімен танысып, қажетті шаралардың барлығы жасалатынын айтты. Сол сәттен жөндеу жұмыстары басталып, лезде баспалдақ орнатылды. Ескірген жақтаулар да алынып тасталып, орнына жаңасы қойылды. Біз үшін бастысы - балалардың қауіпсіздігі. Зауыт қызметкерлерінің атқарған жұмысында бір мін жоқ, өте ризамыз. Біздің үйден басқа қаладағы «Шаңырақ» шағынауданының 5 үйіне, «Шұғыла» шағынауданының 17 үйіне және «Самал» шағынауданының 7 үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қиналған сәтте қасымыздан табылып, көмек қолын созған жомарт жандарға алғыстан өзге айтарымыз жоқ. Тұрғындар атынан «Қазақ газ өңдеу» зауытына толағай табыс, директоры Нақберген Төлеповке және жөндеу жұмыстарын бастан-аяқ жүргізген жұмысшы жігіттердің дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз.
Венера ПОПОВА, «Самал» ш/а № 16 үй тұрғындары атынан
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Наурыз – көктем батасы