©
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы қызметкерлері және Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 4 курс курсанттарымен Ақтау қаласының «Мағаш» өндірістік фирмасының ЖШС-де өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.
Базар сатушыларымен әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарының зардаптары туралы айтылды. Адамдар көп орналасатын орындардағы өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт пайда болған жағдайда қайда хабарласу керек екендігі, өрттегі алғашқы әрекеттер туралы ескертіліп, өрттің алдын алу бойынша жадынама және брошюра қағаздары таратылды.
Шараның басты мақсаты - жұртшылық көп орналасатын орындардағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізу болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі аясындағы үгіт-насихат жұмыстары алдын-алу шараларында маңызды рөл атқарады. Өйткені базар, сауда үйлерінде және т.б. орындарда өрт жағдайлары әлі де орын алуда.
Маңғыстау облысының ТЖД қызметкерлері базар кәсіпкерлерінің назарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.
- Негізгі себептер, бұл өрт қауіпсіздігі бұзушылықтары, дұрыс істемейтін электр құралдарын қолдану, электр желілерінің тұйықталуы. Сіздердің өрт қауіпсіздігі ережелеріне деген салғырттықтарыңыз адамдардың өліміне дейін қасіретті жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Сол үшін ережені сақтаңыздар, - деді өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы азаматтық қорғау аға лейтенанты Аян Сабихов.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР