2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28%-ға дейін, білім саласы - 29%-ға дейін және өзге сала қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға дейін артады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісіне сәйкес, олардың лауазымын біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген:
Аталған үлгіні 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу үшін республикалық бюджеттен қосымша 272,6 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке мақсатты трансферттер ретінде 228,8 млрд, теңге бөлінді.
Жаңа ереже мемлекеттік қызметкерлер болып есептелмейтін мемлекеттік және қазыналық ұйым қызметкерлеріне қатысты болмақ.
Қазақстанда барлығы 1 млн.-нан астам азаматтық қызметкерлер бар: мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлері, т.б.
2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерініӊ жалақысы орташа алғанда - 28%-ға, білім беру саласында - 29%-ға, әлеуметтік қорғау саласында - 40%-ға артады.