Елімізде өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасында «Аймақтарды дамыту», «Моно-қалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту», «Қолжетімді баспана – 2020» сынды жобалары енгізілген еді. Бағдарлама еліміздің ұтымды аумақтық ұйымын қалыптастыру жолымен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға, халықтың қай аймақта тұратынына қарамастан, инфрақұрылымды дамыту арқылы өмір сүру сапасын арттыруға мән берілді. Маңғыстау облысында 2019 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне дем беретін өнеркәсіп өндірісі 2918 млрд. теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің жалпы шығарылымы 20379 млн. теңгені, құрылыс саласының 2019 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығындағы жұмыс көлемі 185175,2 млн. теңгені құраған. Былтыр аймақта 4183 жаңа объектілер құрылысы толық аяқталған.
Таяуда ғана аймақ басшысы - Серікбай Трұмов қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылыс сапасы мен орындалуын жіті бақылауға алуды тапсырған болатын. Қалада жеке құрылыс компаниялары есебінен жүргізіліп жатқан 69 тұрғын үй кешенінің 20-сы заңсыздыққа барған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын тиісті құжаттарсыз бастаған тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, 45 млн. теңге айыппұл салынды. Құрылыс компаниялары басшыларымен кездесуде облыс әкімі тұралаған құрылыстарды реттеуді, заңсыздыққа жол бермеуді, сапалы жұмыс жүргізуді міндеттеді. Өңірде орындалған сала бойынша жұмыстардың статистикалық деректеріне сүйенсек, былтыр облыстағы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 185175,2 млн. теңгеге шыққан.
2019 жылғы қаңтар–желтоқсанда 4 183 жаңа объектілердің құрылысы аяқталса, олардың ішінде 3997-сі – тұрғын және 186-сы тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі 2019 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында 132,4 пайызға өскен (2018 жылы 103,7 пайыз). 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы – 1175,4 мың шаршы метр, оның ішінде жеке құрылысшылар салған аумақ – 680 мың шаршы метр. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі – 2019 жылға 100,2%. 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанда халық салған тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты шығындары 82,2 мың теңгені құрады. 2019 жылғы қаңтар–желтоқсан да тұрғын үй құрылысына 90 756,3 млн. теңге салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 16,3%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзінің үлес салмағы 95,5% құрайтын салушылардың меншікті қаражаты болды.
Облыс экономикасының нақты секторында қаңтар–желтоқсан айы аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2 917919,3 млн. теңгені, өнеркәсіптік өндірістің индексі 100,5% құрады. Өңірдің негізгі бағыты саналатын кен өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 100%. Ауыл, орман және балық шаруашылығының ішкі өнімінің көлемі 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанда 20 379 млн. теңгені құрады, оның ішінде 19407,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2018 жылмен салыстырғанда 5,6% өсті және 105,6%. Оның ішінде ауыл шаруашылығы – 19 407,7 млн. теңгені, өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі – 3 810,2 млн. теңге, мал шаруашылығының жалпы өнімі – 15 519,7 млн. теңге, ауыл шаруашылығы салаларындағы қызметтер 77,8 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы өңірде негізінен тек мал шаруашылығы арқылы көрінеді. 2019 жылғы желтоқсан айында мал мен құстың тірі салмақтағы сату бағасы – 0,1%-ға қымбаттады. Ауыл шаруашылығы өнімі 2019 жылғы қарашаға 101,8 пайыз болса, 2019 жылғы қаңтар–желтоқсан 102,8 пайыз, өсімдік шаруашылығы өнімі жыл қорытындысында 100 пайыз, мал шаруашылығы 104 пайызға жеткен. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша баға индексін айтар болсақ, қой еті 2019 жылдың қорытындысында 107,2 пайыз, жылқы еті 103,6 пайыз, сиыр, бие, түйе сүттері 105,9 пайыз. Ауыл шаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерінің орташа бағасы мынадай: 2019 жылдың желтоқсанында қой етінің бір тоннасы – 605 666 теңге, жылқы еті – 757 041 теңге, түйе еті – 862 778 теңге, түйенің шикі сүті – 600 443 теңге.
2019 жылғы қаңтар–желтоқсан «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,5%. Облыста он екі айдағы жүк айналымының көлемі 8 498,4 млрд. тонна шақырымды (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрады.
Өндіруші кәсіпорындар бағасының индексінде 2019 жылдың желтоқсан айында кен өндіру өнеркәсібінің индексі 101,7%-ды құраса, өңдеу өнеркәсібінің бағасы 100,8%-ды құрады. Шикі мұнай және табиғи газ 1,9%-ға жоғарылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыспен қамтылу көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, 2019 жылғы ІII тоқсанда облыстың кәсіпорындардағы жалдамалы қызметкерлердің саны 163,2 мың адамды құрады, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 132,7 мың адам. 2019 жылғы ІII тоқсанда ірі және орта кәсіпорындарға 7,2 мың адам қабылданды. Әр түрлі себептермен 6,8 мың адам жұмыстан шыққан. 2019 жылғы ІII тоқсан соңында ірі және орта кәсіпорындарда 2,1 мың бос жұмыс орыны болды.
Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша анықталатын жұмыссыздар саны 2019 жылғы ІІІ тоқсанда бағалауға сәйкес 17,1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды көрсеткен. 2019 жылғы желтоқсан айының соңында жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында 8,3 мың адам ресми тіркелген. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 2,6%. 2019 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 297262 теңгені, ірі және орта кәсіпорындарда 331 883 теңгені құрады. Еңбекақы көлемі 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,8%-ға көбейген, нақты жалақы индексі 103,3%-ға жоғарылай түскен.
Облыстық статистика департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, Маңғыстау облысы халқының 2019 жылдың он екі айында орташа табысы жан басына шаққандағы ақшалай табысы өткен жылдан 5,1 пайызға жоғарылап, 141 942 теңгеге жеткен. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2018 жылдың желтоқсан айында 32 966 теңге болса, 2019 жылдың желтоқсанында 35 141 теңге.
2019 жылғы желтоқсан айын өткен аймен салыстырғанда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 0,3%-ға жоғарылады.
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылғы желтоқсан айында 2018 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 105,7% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 9,3%, азық-түлік емес тауарларына – 5,4%, ақылы қызметтер 1,7%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2019 жылғы желтоқсан айында 2018 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда – 3,3%-ға өсті.
2019 жылғы қаңтар–желтоқсандағы көтерме және бөлшек сауда саласы бойынша нақты көлем индексі – 100,8%. Бөлшек сауда көлемі 205 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,5% құрады. 2019 жылғы қаңтар–желтоқсандағы көтерме сауда көлемі 246,6 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,1% құрады.
2019 жылғы қаңтар–желтоқсан айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 556 246,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көбейгенін байқатып отыр. 2020 жылғы 1 қаңтардағы тіркелген заңды тұлғалар саны – 15 762 бірлік, оның ішінде 100 адамнан аз қызметкерлері бары – 15432 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны – 10 614 бірлік, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 10285 бірлік. 2020 жылғы 1 қаңтарға облыстағы орта және шағын кәсіпкерліктердегі жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың саны 9 042 бірлікті құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар пайдалану бағыттары бойынша 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (53,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (17,3%) және көлік және қоймалауға (10,1%) тиесілі. Кәсіпорындардың мөлшерлілігі бойынша ірі кәсіпорындардың инвестициялық салымдарының көлемі 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанда 277 912 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісіндегі көрсеткіш мынадай: 2019 жылғы қаңтар–желтоқсанға өнеркәсіп кәсіпорындары 2 918 млрд. теңгеге, оның ішінде кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі салаларында тиісінше 2 614,5 және 172,3 млрд. теңгеге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру өнеркәсібі 111,8 млрд. теңгеге тиісінше сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде 19,3 млрд. теңгеге өнім өндірді.
Жайық НАҒЫМАШ