©
Инвестиция - экономикалық дамудың тірегі. Сондықтан да бүгінде Үкімет инвестициялық белсенділікті арттыру арқылы экономикалық өсімнің оң қарқынына ие болу жолдарын мейлінше назарда ұстап келеді. Бүгінде, Қазақстан шетелден тартылатын инвестиция көлемі жөнінен ТМД елдері арасында көш бастап тұр. Соңғы 12 жыл ішінде ғана ел экономикасына инвесторлар 264 миллиард доллардан аса қаражат құйған.
Бұл орайда Маңғыстау облысының да үлесі аз емес. Өңір отандық және сырт елдерден қаржы тарту жағынан Қазақстан бойынша 3 орында тұр. Ералы Тоғжанов бастаған Маңғыстау облысы сыртқы экономикалық ынтымақтастық саласында әлемнің 89 елімен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырса, 37 мемлекетпен экспорттық операциялар, 86 елмен импорттық аударымдар жасайды. Өткен 2017 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 4 556,6 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл 2016 жылға (3 853,4 млн. АҚШ доллары) қарағанда 18,2%-ға жоғары. 2017 жылы өблыс әкімі Ералы Тоғжанов - инвестиция саласында әлемнің Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия, Түркия, Нидерланды, Израиль секілді алпауыт 30 елінің инвесторларымен кездесулер өткізді. Нәтижесінде энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қалалық инфрақұрылым сияқты экономиканың секторларындағы жобаларды іске асыратын өзара ынтымақтастық жөніндегі 14 меморандумға қол қойылған.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Судың да сұрауы бар …Барлық атқарылған жұмыстар нәтижесінде аймақ бойынша инвестициялық ахуалды жақсарып, 2017 жылдың қортындысы бойынша Маңғыстау облысы жан басына шаққандағы негізгі құралдарға салынған инвестиция көлемі бойынша үшінші орынға тұрақтаған. Жемісін берген істердің қатарында, Маңғыстау облысы делегациясының 2018 жылдың наурыз айындағы БАӘ-ға сапарын, «Dubai Port World», «Camelicious» және т.б. компанияларымен ірі жобаларды жүзеге асыру бағытында жүргізілген келіссөздерді айтуға болады. Нәтижесінде араб елімен бірқатар меморандумға қол қойылды. Сондай- ақ, дүниежүзілік үшінші әлемдік порт операторы саналатын «DP World» компаниясымен келісімге қол жеткізілді. Бұл келісім «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның дамуына қосымша серпін береді.
Жалпы алғанда, «ҚР Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ералы Лұқпанұлының жұмыс жасаған уақыт аралығында 419 жаңа жұмыс орны құрылып 70,7 млрд. теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылған. Жыл соңына дейін бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы инвестициялар көлемін одан әрі ұлғайту жоспарлануда.
Шындығында шетелдік инвестиция болашағына сенімді, әсіресе бүгінгідей алмағайып заманда келешек көкжиегі мейлінше жарқын жаққа қарай көбірек тартылады. Осының өзі Ералы Тоғжанов басқарған Маңғыстау өңіріндегі реформаларға сырт көзқарастың оң екенін білдірсе керек.
Еркеназ ШАМИНА