Елдос Нұргелдин – Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласының тұрғыны. Биыл 18 жасқа толған ол бүгін жалпыұлттық референдумға қатысып, өз дауысын берді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
– Бүгін ерекше күн. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш дауыс беру құқығымды пайдаланып тұрмын. Референдум өз деңгейінде өтіп жатыр, - дейді ол.