Құрық ауылынының көше тазалығын сақтау бойынша жоспарлы және жүйелі түрде жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл тұрғындары контейнерлердің қоршауы болмағандықтан шығарған қоқыстары көшелерге жиналып, жел болған кезде жан-жаққа ұшатынын айтады. Сонымен қатар, қараусыз жүрген жануарлар да контейнердегі қоқысты шашатындығын жеткізді.
Осы өзекті мәселені тиімді шешу мақсатында 1, 2, 3 шағын аудандарына және автобаза көшесіне тұрғындар қоқыс жинауы үшін бастапқы темір қоршау орнатылды.
«Ауылдың тазалығын сақтап, көркейту баршамыздың міндетіміз. Көшелерде қоқыс шашылмай, аула маңдары талдармен көмкеріліп тұрса, ауылымыз әлі де көз мақтанышына айналары шындық. Тек тұрғындардың осы игілікті істе тағы да белсенділіктері қажет. Сонымен қатар, бүгінгі күні 6 дана қоршау аула орнатылып қолданысқа берілді, қалған 3 данасы жасалынып жатыр», - деді ауыл әкімі Ғ.Салихов.