Маңғыстау облысының Қызылсай ауылының маңындағы православиелік зираттың бір бөлігін белгісіз адамдар талқандаған еді. Қарақия ауданында әкімдік вандализм актілерінен кейін православие зиратында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Бейіттерде белгісіз адамдар шойын қоршауды кесіп тастады. Сондай-ақ, қоршаулар көрші қабірлерден ұрланған. Сол жерде біз кресттердің құлағанын анықтадық. Қабірлер бастапқы қалпына келтірілді. Жағдай ерекше бақылауға алынды», - деді Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті істі «Вандализм» бабы бойынша тіркеді. Кінәлілерді құқық қорғау органдары анықтайды.