Қарақия ауданында жыл басынан бері 261 рейд ұйымдастырылды. Мониторингтік топ 1 151 кәсіпкерлік және жеке тұрғын үйді аралады. 9 заң бұзушылықты анықтап, хаттамалар толтырылды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Қыдырберді Беков айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осылайша 2 азаматқа 43 755 теңгеден 87 510 теңге айыппұл салынды.
Ал 1 шілдеден бастап 49 рейд ұйымдастырылды. 94 кәсіпкерлік нысанды тексерілді. Жетібай ауылында ұйымдастырылған рейд нәтижесінде, 23-31 шілде күндері 2 той және 5 садақа тоқтатылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша «Ashyq» жобасына тіркеліп, жұмыс істеп отырған 37 нысан бар. Олар - мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілері, алдағы уақытта басқа да нысандардың осы жобаға тіркелу керектігін ескерту жұмыстары жалғасуда.