Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының ішкі жолына 2,3 шақырым асфальт төсеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғын массивтер арасын қосатын ауылішілік жол тұрғындар қолданысына берілді.
«Баянды ауылының Баянды 2 және 3 тұрғын массивіндегі №3 орта мектепке кіріс жолына асфальт төселді. Бұл біраз уақыттан бері тұрғындар сұрап жүрген жол болатын. Баянды ауылының іргесі ертеректе қаланғанымен, тағы да жаңа тұрғын массивтер қосылғандықтан ауылішіл асфальт жол біз үшін өзекті әрі маңызды болып отыр. Тағы 2,7 шақырым жолды асфальттаймыз деген жоспарымыз бар. Оның қазір жобалық сметалық құжаттамасы дайыналуда», - деді Баянды ауылының әкімі Дастан Мураталиев.
Айта кетейік, құрылысы аяқталған жолдың құны 89 миллион. Құрылысты «Ақжол-құрылыс» ЖШС жүргізген.