Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылында мәдени-демалыс орны ашылды. Бұл туралы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ренат Шамуханов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, алғаш рет ауылға салынған мәдени-демалыс орнының құны – 12,5 млн теңге. Көлемі – 2 695 шаршы метр. Мұнда жасанды шөп төселген балалар ойын алаңы, футбол алаңы, ашық мен стрит воркаут алаңы бар.
Сонымен қатар жергілікті әкімдік алдағы уақытта жасыл екпелерді отырғызуды жоспарлап отыр. Жобаға «Марину LTD» ЖШС және «Қазақ соқырлар қоғамы» демеуші болатынын айтты.