• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Төл өнерді дамытқан Талым ана

7 наурыз, 15:23  |  Маңғыстау

Киелі де қасиетті қара шаңырақ, маңғаз Маңғыстау топырағында небір даналар мен он саусағынан өнер тамған хас шеберлер дүниеге келген. Ата-бабамыздан келе жатқан игі дәстүрдің қаймағын бұзбай, сарымайдай сақтап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап жүрген шеберлеріміз өңірімізде аз емес. Бүгінге дейін аудан жұртшылығына шеберліктің шыңына жеткен хас шеберлер жөнінде жар салудан жалыққан емеспіз. Сондай шеберлердің қатарындағы аймағына аяулы, еліне қадірлі, алтын қолды шебер, алтын алқалы ана, шашақ әлемінің патшайымы, ауданға қарасты Боздақ ауылының тұрғыны Бабакулова Талым апаның шеберлігіне тамсанбаған жан жоқ шығар, сірә...

Талым Қылышбекқызы 1949 жылы қазан айының 2-ші жұлдызында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1967 жылы еңбек жолын теміржол саласында экономист болып бастап, қызмет етіп, 1998 жылы еңбек демалысына шыққан. Теміржол саласында аға жол шебері болып қызмет атқарған жолдасы Құлжан Ұлықмановпен бірге он баланы тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана.

Он саусағынан өнер тамған анамыздың қолынан шыққан құлаш-құлаш шашақтарымен, басқа да қол шеберлігімен етене таныса отырғанымызда «Бұл шеберлік маған Ұштап әжемнен дарыған. Ес білген шақтан бастап әжеміз ұршық иіру, киіз үйдің ақ басқұрын, қызыл бауын жасау, жүн сабау, киіз басу, шиді орап, оны тоқу, малдың жүнін түрлі түсті бояулармен бояп, текемет жасап, киіз басу, үзік, туырлық, іргелік, шашақ жасап, түйін түю сияқты жұмыстармен айналысқанда бірге көмектесе жүріп, барлығында игердік. Мен 8-сыныпты аяқтап, оқуға кетер кезімде әжем Ұштап «12 құлаш ақ басқұрды жасап бітірсең ғана оқуға жіберемін» деген талап қойған болатын. Қасында жүріп үйренгенімнің жақсы нәтижесін көрсеткен болуым керек, «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша мамандық алып шықтым. Әжем көрсеткен жолмен қазір қолым қалт етсе қарап отырмаймын. Бүгінгі күннің жастары шеберліктен алыстап бара жатыр, ішінара бар шығар, бірақ көбінесе киіз үйді құру, оның жабдықтарының атауын білмей қалатын тұстары өкінішке орай кездесіп жатады. Ұлтты сүю оның өнерін сүюден басталады емес пе?! Жас ұрпақтың жадында қанымызға сіңген қазақи болмысымыздың жойылмауы үшін қазақтың қаракөз қыздары мен келіндеріне көбірек насихатталса екен деген жүрегімде аналық тілегім бар. Сан ғасырдан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық болмысымыздың тінін үзіп алмай, ұрпаққа жеткізу - менің арманым», - дейді шебер ана.

«Істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы», бұл шебер анамыздың қыздары мен келіндеріне, немерелеріне күнделікті айтып отыратын сөзі. Иә, бүгінде 70 жастан асқан шебер Талым анамыздың шеберлігін жалғастырып, заманауи әрі қазақи нақыштағы дүниелерді насихаттау үшін аянбай еңбек етіп жүрген қолөнершілер қатары артып келеді. 4 ұл мен 5 қызды өмірге әкелген алтын құрсақты Талым ананың ұлдары отбасының тірегі болса, қыздары әрбір үйдің түтінін түтетіп, шаңырағын шаттыққа бөлеп отырған аяулы келіні атанды. Ұлдарының бірі теміржол, мұнай саласында қызмет етсе, енді бірі ата кәсіпті қолға алып, жылқы шаруашылығымен айналысып келеді. Ал қыздары білім саласында қызмет етсе, Нұрбибі мен Венера ‑ ана жолын жалғап келе жатқан қолөнер шебері. Олар қолөнердің ішінде құрақ көрпе тігіп, қыз жасауы және тоқыма тоқып, шашақ жасау сияқты басқа да қазақи бұйымдарды өзінше өрнектеп, жаңашалап шығарғанды жақсы көреді. Басты мақсаты - ұлт құндылықтарын қастерлеп, дамыту. Осылайша отбасының бәйтерегіне айналған, шеберлігімен тамсандырған Талым ана ‑ бүгінде 35-тен аса немере, 20-дан аса шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

Жасы жетпісті алқымдаса да қуат-күші сарқылмаған, сүйікті ісін тоқтатпаған Талым ана халқының аты мен затын өшірмейтін мәңгі ізі болып қалатын бұйымдарға ерекше жанашырлықпен қарайды. Оның бар арман-мақсаты - теңдессіз әрі айрықша, құнды қазақи бұйымдарды келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Басқұр тоқу, сыңар мүйізді алаша тоқу, сырғалық, құс таңдай, ирек, тоғыз көз, бота мойын, моншақталған шашақ жасау, түйін түю, ши тоқып орау, ала жіп есу, сегіз өрім, айта берсең таусылмас... Он саусағы майысқан шебердің бұл – сүйікті ісі. Ол бір тәуліктің біраз бөлігін жанына рахат сыйлайтын машақатқа арнайды. Себебі, бұл бұйымдарға салынған әр оюда, кестеленген әрбір нүктесінде қазақтың тынысы бар деп санайды және оны қазақтың қыз-келіншектеріне үйретуден танған емес. Ұлттық құндылықтардың жанашырына айналған алтын қолды анамыздың жасы ұзақ болып, қазақы болмысымызды ұрпақ санасына сіңіруден жалықпаса екен дейміз.

Расында да өзгелерден ерекшеленіп тұратын қазақтың қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарға қанша қарасаңда өзіндік ерекшелігі бар, қараған сайын көз тоймайды ғой, шіркін. Алланың берген осынау қасиетті де киелі өнерінің жібін есіп жүрген Талым анадай шеберлеріміздің қатары аласармасын.

Дина УТЕПБЕРГЕНОВА

1311
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Нәзік жандыларға құрмет

Келесі жаңалық

Ұлағатты ұстаз ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелейді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    1193

    Маңғыстау ауданында 599 жаңа жұмыс орны құрылады

    [ 2020 ] 5 маусым, 15:44
    1776

    Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды

    [ 2020 ] 21 сәуір, 09:00
    1415

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    3396

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    3025

    Шетпеде 400 адамға ауызашар қоржыны таратылды

    20 сәуір, 19:07
    283

    Рубрикалар

      Астана - 20ӘдебиетСұхбатТағайындауФотоТүпқарағанМаңғыстауАуыл өміріРедакцияӘлем жаңалықтарыБіле жүріңізEXPO - 2017

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    97

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    62

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    60

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    82

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    66

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    106

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»