• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Ұлағатты ұстаз ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелейді

8 наурыз, 18:47  |  Маңғыстау

© Сайт архивінен

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халықтың үмітін сеніммен тапсыратын сенімді өкілі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.

Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері, кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі - Жармыш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қорғанбаева Арай Қуанышқызы. Ол 1986 жылы 15-сәуірде Жармыш ауылында дүниеге келді. 2007 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша үздік бітіріп, алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Жармыш орта мектебінде бастады. Ұстаз ана тіліне деген құрметті: «Тілім менің – қуатым! Тұла бойда туа біте тұнатын, Тума ойға тұғыр болып тұратын», – деп түсіндіреді.

Арай – табиғатынан педагогтік, ұстаздық қызметі үшін жаралған жан. Оның бақыты - киелі қазақ тілі мен әдебиеті, алдында отырған оқушылары. Ұстаз алдында отырған әр оқушыны дарынды тұлға деп қабылдайды. Тамыры тереңде жатқан төл әдебиетіміз арқылы ұрпаққа ұлттық тәрбие беру – ұстаздың басты мақсаты. Жас өркенге ұлттың болмысын, тарихы мен әдебиетін танытуда Арайдың еңбегі зор. Осы жылдар ішінде оқушыларға әр заманның сырға толы тарихын, тарихымызда ойып тұрып орын алар ұлы тұлғаларды, әр заман өкілдерін көркем сөзбен көмкеріп, қазақ тілі мен әдебиетіне деген махаббатын оятып жүрген ұстаз. Өз мамандығын жан-тәнімен сүйетін ол мемлекеттік тілді жан-жақты дамытып, мәртебесін биіктету ісіне де қазақ тілі мен әдебиетінің бүкіл құнарлы нәрі мен қадірқасиетін ұрпақтар бойына сіңіру жолында ерекше тер төгіп, өзіндік лайықты үлесін қосып келеді. 2018 жылы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазірге дейін мұғалімдікпен қатар тәрбие жөнінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Осы еңбек еткен жылдарында Арай біршама белестерді бағындырды. «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», – деп даналарымыз айтқандай, ешқашан уақытпен санаспай, оқушыларының мүддесі үшін аянбай қызмет ететін Қорғанбаева Арай тек оқушы ғана емес, олардың ата-аналарымен де тығыз қарым-қатынас жасап, баланың жан-дүниесі, тыныс-тіршілігінен хабардар болып отырады. Ұлағатты ұстаздың еңбегінің арқасында балалар саналы да зерделі, еңбекқор, адамгершілігі мол, көпшіл, бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның патриот ұл-қыздары болып ер жетті. Қазіргі таңда Арай – жаңашыл ұстаз. Себебі жаңалыққа құмар «Тәжірибедегі рефлекция» және «Сабақ үрдісінде 7 модульді тиімді қолдану» жолдарын үйреніп, курстардан өткен. Оның іс-тәжірибесі аудан көлемінде таратылған. Ол мектепішілік «Ой тастау, ойланту» технологиясы тақырыбында коучинг-семинар өткізді.

А.Қорғанбаева шәкірттеріне тіл құдіретіне бас иіп, оның табиғатын тануды, өзгелерге танытуды мақсат етеді. Ұстаз тілегі өз мақсатына жетті. Оның шәкірттері Есенғалиева Фатима республикалық, облыстық жарыстарда қазақ тілі мен әдебиетінен жүлделі орындар алып, ал тәрбие жөніндегі жас мұғалімдері «Сынып жетекші-2020» байқауында жүлделі орындармен көрініп жүр. Өз ісіне шынайы берілген Арай – ұжымдас әріптестерімен білім саласындағы жаңалықтармен, заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісуге құштар жан. Ол – облыстық, аудандық дәрежеде өз іс-тәжірибесімен дөңгелек үстел, шеберлік сыныптары, коучинг жүргізу арқылы және жеке «Көшбасшы» атты блогында ой бөлісіп жүрген ұстаз.

Ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында Арай Қорғанбаева шәкірт жүрегіне шуақ шашқан нұр іспеттес. Облыстық, аудандық пән олимпиадалардан оқушылары жүлдесіз оралмаған. Басқа да сайыстардан алған марапаттары бір төбе...

Арай – қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды игерген, оқытудың тиімді жаңа технологияларын, жаңаша әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларға білім беруде үлкен жетістікке жетіп жүрген білікті басшы, жоғары санатты ұлағатты ұстаз.

Арай Қорғанбаева - жас ұрпаққа білім берумен қатар жас мамандарға да әдістемелік көмегін беріп, жол көрсетіп жүрген ұстаз.

Жаңылсын СҮЙІНҒАРАЕВА,
Жармыш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

1460
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы Маңғыстау
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Төл өнерді дамытқан Талым ана

Келесі жаңалық

Шебірлік тұрғын ағаштан үй жиhaздарын жасайтын цех ашты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    1193

    Маңғыстау ауданында 599 жаңа жұмыс орны құрылады

    [ 2020 ] 5 маусым, 15:44
    1776

    Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды

    [ 2020 ] 21 сәуір, 09:00
    1415

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    3396

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    3025

    Шетпеде 400 адамға ауызашар қоржыны таратылды

    20 сәуір, 19:07
    285

    Рубрикалар

      Түпқараған Редакция газеттері Фото Сұхбат Редакция туралы Бейнеу Жастар беті Хабарландыру Жаңаөзен - 50 жыл Астана - 20 EXPO - 2017 Байланыс мәліметтері

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    102

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    64

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    62

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    84

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»