Жақын арада Бейнеу ауылындағы асфальт жолдарды жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналына тұрғынның жолдаған сауалына жауап берген Бейнеу ауылы әкімдігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі қолданушысы облыс әкімдігінің телеграм каналына Бейнеу ауылындағы асфальт жолдарды жөндеп беруін сұрап сауал жолдаған. Тұрғынның сұрағына жауап берген Бейнеу ауылы әкімдігінің өкілдерінің айтуынша, жуырда Бейнеу ауылы бойынша асфальт жолдарды күтіп ұстау жұмыстары басталады.
- Қазір аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу негізінде «Жандос сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Мердігер мекемемен тиісті келісім шарт жасалды, - дейді Бейнеу ауылының әкімі Расул Тайшыбаев.