Ол ұзақ уақытқа созылған сырқатынан кейін 75 жасында көз жұмды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Марат Шушаков көпшілікке Каспий маңы тау-кен металлургиялық комбинатының еңбек даңқы музейінің басшысы және негізін қалаушысы ретінде танымал.
Марат Шушаков ұзақ жылдар бойы кәсіптік техникалық білім беру саласында жұмыс істеді. "Каскор" АҚ-да әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті, кейінірек - "Каскор" АҚ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің бастығы қызметін атқарды, қалалық мәслихаттың депутаты болды.
2020 жылға дейін ол Каспий маңы тау-кен металлургия комбинатының еңбек даңқы мұражайын басқарды, түбек пен қала тарихын жетік білді.
mangystaumedia.kz сайтының ұжымы Марат Түркпенбайұлының туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.