Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.
Оның айтуынша, ауданда 10 егу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде 3 жылжымалы егу пункті бар.
«Бейнеу ауданы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан, аудандағы вакцинация жұмыстары 1 ай кешігіп басталды. Алғашында екпені тасымалдау мәселесі туындады. Мәселен, тоңазытқыш жетіспеушілігі болды. Осылайша Бейнеуде екпе егу жұмыстары 26 наурыз күні басталды. Вакцинаның І компонентін 7 445 тұрғын алса, ІІ компонентпен 4 656 адам егілді. Қазір Бейнеу ауылында 4, Сарға, Ақжігіт, Боранқұл ауылындарында бір-бірден егу пункттері жұмыс істеп тұр», - деді Бейнеубек Әбілов.
Айта кетейік, Бейнеу ауданында медицина қызметкерлерінің 100 пайызы, білім беру саласы қызметкерлерінің 60 пайызы, мемлекеттік қызметкерлердің 92 пайызы вакцина алған.