Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауымен танысқан кезімде осыған дейінгі Жолдауда айтылған мәселелерді бүге-шүгесіне дейін тарқатып, тереңдетіп, одан әрі тұрақты дамыту жолдарын айқындағанын байқадым. Нақты айтатын болсам, реформа бойынша президенттік кеңестің құрылып жатқаны, стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру, қоғамдық бақылау туралы заң қабылдауға тапсырма беру жөнінде айтқандары мемлекетті тиімді басқарудың жаңа моделіне деген сенімімізді нығайтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес жалғасып жатқан қазіргі күрделі жағдайда мемлекет алдындағы басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұратылықты сақтап қалу екенін айта келе, жаңа экономикалық бағыттың басты жеті қағидатына тоқтады. Оларды атап айтатын болсам, міндеттер мен игіліктер әділ бөліну қажеттігі, жеке кәсіпкерліктің басты рөлі, әділ бәсекелестік, өндіріс көлемін арттыру, адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция құю, қоршаған ортаны жасылдандыру экономикасы, мемлекеттің басты мәселені шешуі мен соған қоғам алдында жауап беруі.
Ел Президенті көтерген мәселелер үлкен ауқымды құрайды. Қоғам мұндай өзекті және мағыналы Жолдауды қолдауға дайын.
Сахи Хибас,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы