Ақтау қаласында 1 сәуір күні жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберлігінің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Өңірлік чемпионаттың басты мақсаты - жұмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттырып, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, ата-аналардың және бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру. Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Сәкеев, жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберлігінің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ұйымдастыру комитеті, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері және студенттері, әлеуметтік әріптестер, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. «WorldSkills Aktau» өңірлік чемпионатына 37 құзыреттілік бойынша 23 колледжден 251 студент қатысып, бақ сынауда. Осы өңірлік чемпионатқа Бейнеу политехникалық колледжінен 16 құзыреттілік бойынша өз бақтарын сынап жатқан 31 студент, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінен 2 құзыреттілік бойынша 3 студентке сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз.
Үміт ҚАЗДАЕВА