©
Бұл ақпарат облыс тұрғындары арасында әлеуметтік желі арқылы тез таралды. Әсіресе, Бейнеу мен Жаңаөзенде термометр 50 градусты көрсетті деп ел шуласты.
Бұған дейінгі синоптиктердің мәліметі бойынша, максималды көрсеткіш 40-45 градус аралығында болатын. Дегенмен бүгінгі «рекордтық» дәреже көпшілікті қайран қалдырды. Анық-қанығын білмекке «Қазгидромет» РМК МОФ –ке хабарласқанымызда, мұншалықты ыстықтың болуы мүмкін еместігін айтып, оны жоққа шығарды. Дегенмен ресми мәліметтер кешкісін белгілі болады.