©
Маңғаз өлке тербеткендей бесігін, Сырласады Маңғыстаумен есіп үн. Қазағымның санасында сақтаулы, Ардақтаймыз асқақ тұлға есімін. Биіктеткен туған елдің тұғырын, Тұңғиығы терең әсем жырының. Әбіштей жан қайталанбас өмірде, Оқиды жұрт сыр дестелі ғұмырын. Ұштасады заңғар биік таулармен, Бұлақтайын тілдеседі баулармен. Аспанымда нұры мәңгі өшпейтін, Шоқ жұлдыз деп Әбішімді таңдар ем. Сыр шертетін тұңғиыққа жырлары, Белгілі ғой дарияның тұнғаны. Естіген жұрт туындысын Әбіштің, Бірде күліп, бірде жылап тыңдады. «Елең-Алаң», «Үркері» де тағы бар, Шыңырауды білгің келсе, қазып ал. Өнеріне өр ақынның бас иген, Әбішім деп талай кітап жазылар. Мырзайыр деп ақтарылған сандығы, Маңызды оған туған өлке тағдыры. Әбіш үшін құдіреті бейне бір, Секілденген шуақ шашқан таң нұры. Қарт Каспийге құрметпен бас иеді, Маңғаз өлке, перзенті оны сүйеді. Ұйқыдағы аруына теңеп бір, Ардақтайды Маңғыстауын киелі. Жырға бұрған оны өмір пернесі, Абыл, Ақтан, Аралбай ғой жерлесі. Жүйріктерден қуат алып, өмірге, Мұндай талант мүмкін емес пернесі! Бала Әбіштің биігіне жол ашқан, Даналығы тәрбиемен таласқан. Айсәуледей анасы бар ақынның, Құбыласы төртеуінің жарасқан. Кемел ой сусын болар шөлдегенге, «Құт қонбайды қуана білмегенге», - Дейді ата асыл сөзді ағызып кеп, Бақ қонбайды бағасын білмегенге. Тебіренген теңіздің жағасында, Түрлі ойлар қаумалап санасында. Жырласын саңқып ұшқан шағаласын, Каспийдің қарттығына қарасын да. Тер төккен елі үшін аянбастан, Сыйлаған қазағына талай дастан. Өлеңіне зер салған әрбір қазақ, Қызыға өнеріне қарайласқан. Алтын ұя, қымбаты – Онды мектебі, Мәлім оған Әбіштің ер жеткені. Перзентім деп, еске алады әрдайым, Сайрайды әлі әрбір тақта беттері. Әбіш ата, неткен ұлы жан едің?! Ғажайыпқа толы жырлы әлемің. Жетеді ғой өлеңіңнің шипасы, Емдеуіне жүректердің бар емін. Бүгінде үлкен тойды қарсы аламыз, Бас ұрып, талантыңа тамсанамыз. Шарықтатып заңғар тұлға рухын, Әбішім деп әлемге жар саламыз.Ұлдай ДАУЫЛОВА, Шетпе лицейінің 11-сынып оқушысы
***
Әбіш атама
Қасиетті Маңғыстаудың топырағында, Желтоқсанның ызғарлы суығында, Халқымыздың көрнекті жазушысы Әбіш келген Ондының тұғырына. Сөзінен шындық, астарлы мән ұғынғам, Қара өлеңмен, құдіретін толғағам. Заманының заңғар, биік тұлғасы Дананың көзі – Әбішті мен жырлағам. Қоғамның қайраткері, кемеңгері, Ән мен жыр бір өзіне серік еді. Жан шипасы қара сөзді жырлап келген Әбіштің орны бөлек, сарыны еді. Маңғыстаудың әлдиімен тербелген, Әбіш туып, өскен жерін көркейткен. Кең пейілді, жарқын жүзді халқының Рухын биік асқақтатып, өрлеткен. Әдебиетте із қалдырған орны бар, Мол мұрасы ұрпағына арналар. Жаны менен тәнінің тазалығы Маңғыстаудың саф ауасын толтырар.Аида АБЫЛАЕВА, Шетпе лицейінің 8-сынып оқушысы