Көрнекті қазақ ақыны Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатында Ақтау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «№12 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қадыр оқулары» байқауы өткізілді. Байқау үш бағытта: ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау және оқушы шығармашылығын айқындау мақсатында ақынға арнап өлең шығару, күй шығарудан өзара сайыс түрінде өтіп, қатысушылардың жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу қорытындысы бойынша І орын №23 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Гүлназ Ұзаққа, ІІ орын №28 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сәния Саурбекова, ІІІ орын №13 гимназияның 5сынып оқушысы Берекет Абайға және №20 орта мектептің 8-сынып оқушысы Тимур Мендалиевке бұйырса, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау бағыты бойынша І орынға №29 орта мектептің 7-сынып оқушысы Қылышбек Мейрамбек, ІІ орынға №20 орта мектептің 9-сынып оқушысы Гүлназым Өмірзақ, ІІІ орынға №8 орта мектептің 6сынып оқушысы Дильназ Сәдуақас ие болды. Оқушы шығармашылығы бағыты бойынша ақынға арнап өлең жазу, күй шығару сайысынан І орынды №27 орта мектептің 9-сынып оқушысы Ұлданай Сәрсенбаева, ІІ орынды №13 гимназияның 9-сынып оқушысы Іңкәр Күзембай, ІІІ орынды №23 орта мектептің 10-сынып оқушысы Әлия Жалғасова мен №29 орта мектептің 10-сынып оқушысы Рима Қанатова жеңіп алды. Сонымен бірге аталған байқаудың әр бағыты бойынша өз өнерлерін көрсеткен оқушылардың ішінен дараланған сайыскерлер де назардан тыс қалмай, қалалық білім бөлімінің ынталандыру дипломдарымен марапатталды. Олардың арасында №10 орта мектептің 5-сынып оқушысы Әмина Марат, №22 орта мектептің 7-сынып оқушысы Елдос Сүлеймен, №17 орта мектептің 5-сынып оқушысы Ақнұр Болатбай, №28 орта мектептің 10-сынып оқушысы Дана Бектұрсын, №1 орта мектептің 10-сынып оқушысы Орынғали Мұңалбаев, №7 мектеп лицейінің 5-сынып оқушысы Мадияр Аманқұлов болды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ