©
«Қолдау-Қазақстан» көп салалы коммерциялық емес холдингі Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығында «Көпшілік алдында сөйлеу принциптері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Қала тұрғындары мен үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерін сөйлеу шеберлігіне баулуға арналған дәрісті танымал жаттықтырушы Нұрбек Өтегенов жүргізді.
Ол тренингке қатысушыларға шешендік дағдыларды үйретті, жаңа идеяларды дамыту әдістерін бөлісіп, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы туралы тартымды әңгімеледі. Сондай-ақ ҮЕҰ өкілдеріне қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ҮЕҰ деректер базасына дер кезінде енгізу қажеттігін ескертті.
Тағы оқыңыздар: Ауыл әкімінің кубогы кімге бұйырды?Семинар-тренингке қатысушылар тақырып бойынша алуан түрлі сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Басқосу соңында пайдалы дәріс беретін осындай семинарлар жиі өткізіліп тұрса деген ұсыныс айтылды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="37421,37418,37416"]