“Рекорд” командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 09 секундта бірінші болып кесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Боранқұл ауылынан Бекболат Талғатұлы қосқан тұлпарды баптаған сейіс Есболат Бекұлы. Шабандозы қызандық Мағжан Абдолұлы.
Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен “Рекорд” командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған.
Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлдеқоры беріледі.
1-орынға - 2,5 миллион теңге, 2-орынға - 2 миллион теңге, 3-орынға - 1,5 миллион теңге.