Сайлау науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Қазыбек Иса мен Азат Өтебаев Маңғыстау облысында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алаш қозғалысының қайраткері, ардақты публицист, мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құран оқылды.
Шараға партия белсенділері, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар мен штаб қызметкерлері де қатысты.
Партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Алаш қозғалысы қайраткерлерін насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселе көтеріп, сайлауалды бағдарламасына тоқталып, бәсекелес партиялардың мүшелеріне сайлау науқанында сәттілік пен жеңіс тіледі.