ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа Маңғыстау облысынан кандидат Салтанат Бралинаның бағдарламасы экология, экономика, әлеуметтік сынды блоктарға бөлінген. Назарларыңызға ол қолға алмақ әлеуметтік мәселелерді ұсынамыз. Үміткердің айтуынша, осы сайлауда өтпей қалса да осы жобалармен айналысуды тоқтатпақ емес.
Әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігі: қоғамның барлық салаларында гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу;
Балаларды қорғау: Балаларды есірткі сатушылардан қорғау;
Қылмыстың құрбаны болған кәмелетке толмағандарды моральдық-психологиялық қысымнан қорғауға бағытталған заңдарға ықпал ету;
Денсаулық сақтау: Салықтардың қоғам қажеттілігіне жұмсалуын бақылау, әрбір азамат ауылдық жерде де сапалы медициналық қызмет ала алатындай жағдай болуы керек.
Депутат ретінде неге қол жеткізе алар едіңіз?
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның реттелуіне ықпал ету;
«Қорлау» ұғымын криминализациялау – әсіресе балаларды қорлау тұрғысынан;
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды криминализациялау және бұл қылмыстарды «қоғамдық» сипаттағы санатқа ауыстыру;
Денсаулық сақтау органдары (гинекологтар, психологтар), білім беру органдары (педагогтар) және ювеналдық полиция органдары арасында кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл жүйесін құру.
(ҚР Парламенті Мәжілісіне депутат Бралина Салтанаттың сайлау қорынан төленді)