Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Ақтау қаласының N2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмысшылардың ереуілі 2022 жылдың 11 қыркүйегінде басталып, 2022 жылдың 16 қыркүйегінде аяқталды. Жұмыстан шығарылған сегіз қызметкер соттан жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, оның күшін жою және мәжбүрлі демалыс кезіндегі орташа жалақыны төлеуді сұрады.
Өткен жылдың 9 қыркүйегінде Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем станцияларының қызметкерлері жалақыларын көтеру туралы талаптар қойып, жұмысын тоқтатқан болатын. 14 қыркүйекте жұмыс беруші ереуілді заңсыз деп тануды талап етіп, наразылық білдірушілерді сотқа берді. Сот шешімі негізінде 19 адам жұмыстан шығарылды.
Жұмыстан шығарылғандардың кейбірі жұмыс берушінің әрекетін сот арқылы даулауға тырысты.
Талапкерлер А., Ж., Б., Н., С., М., А., К.-ның талап арыздарын қанағаттандыру туралы Ақтау қаласының N2 сотының 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімі бойынша шағым қанағаттандырылмады.