© Талант ҚҰСАЙЫН
Маңғыстау облысында 21-23 наурыз аралығында 15 градусқа дейін күн жылиды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің айтуынша, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-91 % құрайды. Солтүстік желдің жылдамдығы секундына 9-12 метр болады.
Сондай-ақ, ауа температурасы күндіз 21 наурызда 7-9, жұмада 22 наурызда ауа 12-ге дейін жылиды, ал 23 наурызда 15 градусқа дейін көтеріледі.
«Қазгидромет» РМК 1-санатты инженері Афродита Пиримжардың айтуынша, алдағы мереке күндері ауа-райы екі түрлі барикалық түзілім қалыптастырады. Солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Онымен қоса, 23 наурызда облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. 22 наурызда облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі, деді ол.
- Республиканың орталық, оңтүстік және шығыс өңірлеріне шығыс бағытта қозғалатын циклон әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр күтіліп, қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Ал республика бойынша тұман мен көктайғақ болжанып отыр, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.