Ақтауда автомобиль жолдарынан 710 м3 жаңбыр суы сорып алынды. Жаңбыр суын сорып алу жұмыстары түнгі кезекшілікте де жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» мекемесі мамандарының мәліметінше, Ақтау қаласында наурыз айындағы жауын-шашынның айлық мөлшері - 15 мм болса, ал 20 наурыз күні - 16 мм жауын-шашын түсті. Яғни Ақтауда бір тәулікте бір айлық жауын-шашын мөлшері түскен.
«Компания Строй Инвест 2020» ЖШС түнгі кезекшілікте жұмыс істеп жатыр. Аталған жұмыстарға 14 қызметкер, 6 жүргізуші, 4 ассенизатор, 10 мотопомпа жұмылдырылды. Атап айтқанда, қазіргі таңда мына мекен-жайларда су алу жұмыстары жүргізілді:
-17 шағынаудан «Халық аренада» 2 мотопомпа және 1 ассенизатор;
-16 шағын аудан «Инара» ТҮК маңында 1 мотопомпа;
-12 шағынаудан 59 үйдің маңында 3 мотопомпа;
-«Сары базар» маңында 2 мотопомпа;
-«Хазар базары» маңында 2 ассенизатор және 2 мотопомпа;
-«Олжа» сауда орталығы маңына 1 ассенизатор.