Жаңаөзенде ұлттық домбыра күні аясында Аралбай Оңғарбекұлының 170 жылдығына орай «Мен бір аққан дария» атты облыстық жыршылар байқауы өтті. Дүбірлі додаға Маңғыстау облысынан жас жыршылар қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Байқаудың мақсаты - рухани байлығымызды дәріптеу, А.Оңғарбекұлының шығармашылығын келешек ұрпаққа насихаттау, жыршылық, термешілік, дәстүрлі ән өнерін дамыту, жас талант иелерін халыққа таныту мен орындаушылық шеберліктерін шыңдау.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені Ақтау қаласынан Меңдібай Құрманғазы алды,
1-орынды Қарақия ауданынан Қарахожа Қайсар иеленді.
2-орын жаңаөзендік Айдана Келісқызы мен ақтаулық Ақылбек Жұмалиевке, 3-орын ақтаулық
Айдос Мырзағалиев пен Әлібек Тоқтасыновқа бұйырды.
Барлық жүлдегерлерге арнайы диплом және қаржылай сыйлық табысталды.