Жаңаөзен қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерге үш ай бойы балалардың мектепке дейінгі білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан негізсіз бас тартып, бизнесті жүргізуге кедергі келтіргені анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Антикор қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жеке кәсіпкердің өзі хабарлаған. Аталған мәселе бойынша білім бөлімінің жауапты тұлғаларымен кеңес ұйымдастырылып, нәтижесінде бизнес өкілі мен білім бөлімі арасында шарт жасалды.