Ақтауда жақында кешкі кезекшілікте қаланың тыныштығын қадағалап жүрген полицейлер үш жасар баланың аман қалуына дер кезінде қол ұшын созған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Полицейлер Ақтау қаласы 6 шағынаудан 36 үйдің жанында көліктің бағдаршамның жасыл түсіне жүрмей тұрып қалған машинаны байқап, жеделдетіп сол жерге барған. Олар сол сәтте көлік ішінде үш жасар баланың денсаулығы нашарлап жатқанын көріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін ауруханаға тез жеткізуге жағдай жасаған.
Баланың ата-анасы дәл уақытында көмекке келген полицейлер Нұрдаулет Аяпбергенов пен Наурызбек Еңсегеновге алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету — маңызды да абыройлы міндет. Қоғамның қауіпсіздігі үшін күйбеңі көп күнделікті қызметте тер төгіп, өз міндетіне адал полицейлердің ісі қандай құрметке де лайық. Халықтың тыныштығын күзетіп, осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген барлық полицейлерге mangystaumedia.kz сайтының атынан тағы бір рет алғыс білдіреміз.